Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Үш облыста 9 заңбұзушылық тіркелді – Бас прокуратура

Дауыс беру процесі басталғаннан бері үш облыста 9 заң бұзу фактісі ресми тіркелген деп хабарлады paryz.kz. 

Үш облыста 9 заңбұзушылық тіркелді – Бас прокуратура
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Бас прокуратура өкілі Азамат Сарғазин онлайн телемарафонда мәлімдеді.

«Мониторинг нәтижесінде дәл осы уақытта сайлау туралы заңнаманы бұзудың 9 фактісі тіркелді. Олар Алматы облысында Еңбекші қазақ, Жамбыл, Райымбек және Ұйғыр аудандарындағы сайлау учаскелерінде; Жетісу облысында Қаратал және Кербұлақ аудандарындағы учаскелерде; Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау және Жамбыл аудандарындағы учаскелерде болған», – деді Бас прокуратура өкілі.