Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қытайға баруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Ақорда сайты.
Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесуде биыл мамырда Сиань қаласында өтетін "Орталық Азия + Қытай" саммитінің және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға жоспарланған мемлекеттік сапарының өзектілігі сөз болды.
Сондай-ақ, екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту, экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту маңызды екеніне назар аударылды.
Мемлекет басшысы Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің Украинаға қатысты жағдайды саяси тұрғыда реттеу жөніндегі бітімгершілік әрекетіне жоғары баға берді.