Шавкат Рахмонов негізгі жекпе-жегі алдында қарсыласымен көз түйістірді

UFC жартылай орта салмағындағы қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов 5 наурыз күні таңда Лас-Вегастағы UFC 285 турнирінің негізгі кардында америкалық Джефф Нилмен жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Шавкат Рахмонов негізгі жекпе-жегі алдында қарсыласымен көз түйістірді
Фото: ашық дереккөз

Жекпе-жек алдындағы аптада олар баспасөз конференциясын өткізіп, бірінші рет бетпе-бет жолықты.

UFC рейтингісінің 9-орнында тұрған Шавкат Рахмонов мінсіз рекорд иегері. Ол 16 рет жеңіске жетіп, мүлдем жеңілмеген, оған қоса барлық жекпе-жегі мерзімінен бұрын аяқталған. «Номад» UFC-де төрт айқас өткізді.

Джефф Нилге келер болсақ, оның қоржынында 15 жеңіс пен 4 жеңіліс бар. Ол дивизион рангі туралы кестеде 7-орында тұр.