Әскери институтта 1-курс курсанты өлі табылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
2023 жылғы 3 наурызда Құрлық әскерлері Әскери институты оқу орталығының қарауыл постында 1-курс курсанты өлі табылды. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға Құрлық әскерлері бас қолбасшысы бірінші орынбасарының бастамасымен арнайы комиссия жіберілді, - деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Қарулы күштердің басшылығы мен жеке құрамы сарбаздың отбасы мен жақындарына орны толмас қазасына ортақтасып, қайғыра көңіл айтады.