Дәурен Абаев жаңа қызметке тағайындалды

Дәурен Абаев ТМД Бас хатшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Ақпаратты ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Дәурен Абаев жаңа қызметке тағайындалды
Фото: akorda.kz

«Біз Қазақстан Республикасының СІМ-нен Жұмаханов Бекетжан Махатжанұлының орнына Дәурен Әскербекұлы Абаев келетіні туралы тиісті нота алдық. Ол ТМД Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарады. Ол 7 наурызда келеді. Оның тәжірибесі ТМД-ның Атқару комитетінде сұранысқа ие болады деген сенеміз», - деп жауап берді ТМД Атқару Комитеті.

Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы 18 сәуірде Алматы облысында туған.