АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен бүгін алғаш рет Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.
«Бүгін мен Қазақстанға, Өзбекстанға және Үндістанға іссапарға шығамын. Бұл менің Қазақстан мен Өзбекстанға Мемлекеттік хатшы ретіндегі алғашқы сапарым болады және мен Орталық Азиядағы әріптестігімізді одан әрі дамытуды асыға күтемін. Сол жерден мен Үндістанға G20 отырысына барамын», - деп жазды ол Twitter-де.