Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Амантай қажы да ресейлік депутаттарға қарсы "аттандады"

Көптен көрінбей кеткен ол әлгі депутаттардың мәлімдемелерін неофашизм және неоколониализм деп атады.  

Амантай қажы да ресейлік депутаттарға қарсы "аттандады"
Фото: ашық дереккөз

Ресей Мемлекеттік Думасының депутаттары Вячеслав Никонов пен Евгений Федоровтың Қазақстанның территориялық тұтастығына қатысты атышулы мәлімдемелеріне ел азаматтары бейжай қарай алмаған еді. Олар тарихты білмейтін "сауатсыздарға" қарсы уәж айтып жатыр, деп жазды paryz.kz

Бұлардың арасында ағашқа өрмелеп алып, қайда екені белгісіз бағытқа "аттандап" жүретін Амантай қажы  да бар. Көптен көрінбей кеткен ол әлгі депутаттардың мәлімдемелерін неофашизм және неоколониализм деп атады.

Тағы да оқыңыз: "Қазақстанға жерді Ресей сыйлаған": Дума депутатының бұл сөзіне СІМ үн қатпады (ВИДЕО)

"Горбачев бастаған москвалық шовинистер, империалистер біздің жерге бірнеше рет шағым жасады. Горбачев - жаһандық сатқын. Ол - орыс халқының да, қазақ халқының да, КСРО халықтары достығының да алғашқы жауы. Бұл Горбачев қарақшыларына сәйкес келеді. Горбачевтің кім екенін сіз өзіңіз білесіз бе? Мен орыс халқын құрметтеймін. Өзім Мәскеуде оқып, политехникалық институтты үздік бітірдім. Әкем Ресей үшін соғысқан, Смоленск маңында. Бұлар - Ресей империясы деп аталатын неофашистік неоколониалды қалпына келтірушілер. Біздің Үкімет неге үнсіз? Көпұлтты Қазақстан, ең алдымен орыстар мұндай депутаттарға қарғыс айтады", - дейді қажы.

Кейбір ресейлік саясаткерлердің Украинаға да, Беларуссияға да көзқарасы ұқсас дейтін ол, Үкімет Қазақстанның солтүстігіндегі бірқатар қаланың атауын өзгертуі керек деп санайды.