Америкалық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасудан бас тартты

Бірінші орта салмақтағы америкалық боксшы Чарльз Конуэлл (18-0, 13 KO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (13-0, 8 КО) жекпе-жектен бас тартты, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Америкалық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасудан бас тартты
Фото: ашық дереккөз

«Болашақта орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасқым келеді, бірақ бірінші орта дивизионда бітпеген істерім бар. Мен өз категориямда титулды айқасқа шақ қалдым, сондықтан өз мақсатыма жетпей - әлем чемпионы атанбай мен басқа салмаққа кетпеймін», - деп береді боксшының сөзін ESPN инсайдері Майк Коппинджер.