Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

"Оларға айыппұл сала алмайды" - Досаев тамақ жеткізушілер туралы

Алматы әкімі Ерболат Досаев электрсамокаттар мен мопедтерді пайдалану мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Оларға айыппұл сала алмайды" - Досаев тамақ жеткізушілер туралы
Фото:elements.envato.com

Алматы қаласы Наурызбай ауданының тұрғыны курьерлер туралы мәселені қозғады. Тұрғынның айтуынша, олардың көлік жүргізетін куәліктері, не байқауға болатын белгілері де жоқ. Олар 16-18 жаста, мопедпен жүреді және төтенше жағдайлар жасайды.

"Электрсамокаттар мен мопедтер көлік ретінде танылған кезде-полиция олардын жүргізуші куәлігін талап етуге, жүру ережелерін реттеуге және т.б. мүмкіндік алады. Қазір жол полициясы оларға айыппұл сала алмайды. Осы жылдың көктемінде бұл заң жобасы қаралады деп үміттенемін", - деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.