Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Петропавлдағы оқиға: екі бала жансақтау бөліміне түсті

Петропавлда пышақ және балтамен қаруланған 9-сынып оқушысынан зардап шеккен екі балаға ота жасалды. Қазір олар жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. 

Петропавлдағы оқиға: екі бала жансақтау бөліміне түсті
Фото: ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 8.26 минут кеткенде облыстық көпбейінді балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жедел жәрдем қызметі жарақат алған үш баланы жеткізді. Жасөспірімдерде түрлі жарақат болған.

«Жарақат алған балалардың біреуіне қабылдау бөлімінде көмек көрсетіліп, ол амбулаторлық ем алу үшін үйіне жіберілді. Қалған екі бала жедел түрде ауруханаға жатқызылды. Оларға дереу ота жасалды. Қазір екі баланың да жағдайы қалыпша. Балалар жансақтау бөлімінде жатыр», –  делінген хабарламада.