Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Медведев өз депутаттарының Қазақстан туралы ұстанымымен келіседі" - сарапшы

Ал Ресей президенті Владимир Путин болса, өз депутаттарының сөзіне қатысты әлі де ештеңе айтпады.

"Медведев өз депутаттарының Қазақстан туралы ұстанымымен келіседі" - сарапшы
Фото: ашық дереккөз

Саясаттанушы Ғазиз Әбішев Telegram арнасына "Единая Россия" партиясының басшысы Дмитрий Медведевтің өз партияластары Вячеслав Никонов пен Евгений Федоровтың Қазақстан туралы мәлімдемелерімен келісетінін жазды, деп хабарлады paryz.kz.

Еске сала кетсек, "Единая Россия" партиясының мүшесі, РФ Мемлекеттік Думасының депутаты Вячеслав Никонов Ресейдің басты арнасындағы "Большая игра" бағдарламасының эфирінде "Қазақстан жері – Ресейдің сыйы" деген сөз айтып, "бүйректен сирақ шығарған" еді.

"Единая Россияда" қандай қатаң тәртіп бар екенін білеміз. Сонымен, тәртіпті билеуші партияның депутатына осылай айтуға болады. Ал партия төрағасы, Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесі басшысының орынбасары Дмитрий Медведев өз депутаттарының бұл ұстанымымен келіседі", - деп жазды сарапшы.

Ал Ресей президенті Владимир Путин болса, өз депутаттарының сөзіне қатысты әлі де ештеңе айтпады.