Түркістан облысында тасқын су адамдарды көлігімен ағызып әкетті

Түркістан облысында көлігімен тасқын су ортасында қалып қойған тұрғындар құтқарылды, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Түркістан облысы Бәйдібек ауданының тұрғындары тасқын су ортасында көлігімен қалып қойған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан адамдарды көлікпен бірге су ағызып бара жатқанын көруге болады. Жағада тұрғандар құтқаруға әрекеттеніп, көмек береді. Кеңес бойынша олардың бірі суға секіреді. Алайда ол біршама жерге ағып кетеді.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Шыңғыс Сүлейменовтің айтуынша, көлікте болған барлық адам құтқарылды.

«Көліктегі адамдар қауіпсіз жерге шығарылды. Ал көлікті су ортасынан алып шығу мүмкін болмады. Адамдар Мыңбұлақ ауылына жеткізілді», - делінген ақпаратта.