Оңтүстікте күннің күрт жылынуы салдарынан қар еріп, өзендер арнасынан асты. Бүгін сағат 08.00-ден бастап таулы аудандарда қар еріп, жауын-шашын көп жауғандықтан су деңгейі көтерілді.
Бұл туралы paryz.kz Түркістан облыстық ТЖД-не сілтеме жасап хабарлайды.
Кентау, Түркістан қаласы мен Бәйдібек, Ордабасы және Сауран ауданында аула мен көшелер су астында қалды.
ТЖД мамандарыүйлерді су баспасын деп жаңбыр суына арық қазып жатыр. 50-ден астам құтқарушы, 10 бірлік техника және 20 мотопомпалар жұмылдырылды.