Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Әрбір 5-ші неке тіркелмеген: Қазақстанда азаматтық некеге оң қарайтындар саны көбейген

Қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасы Нұрбек Матжани Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Қазақстандық отбасылар – 2022» ұлттық баяндамасындағы кейбір деректерге тоқталды, деп хабарлайды paryz.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап. 

Әрбір 5-ші неке тіркелмеген: Қазақстанда азаматтық некеге оң қарайтындар саны көбейген
© Depositphotos.com

Оның мәліметінше, отбасын қолдау орталықтарының қызмет бойынша респонденттердің 70%-дан астамы Отбасын қолдау орталықтарының қызметтерін пайдаланбағанын, 19,3-ы сауалнамадан алғаш рет олардың бар екендігі туралы білгенін және тек 7,1%-ы ғана осы орталықтарға жүгінгенін айтты. Әсіресе, Отбасын қолдау орталықтарының қызметімен Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласының тұрғындары таныс емес болып шықты. 

«Азаматтық некеге көзқарасы бойынша орташа алғанда барлық жастағы адамдардың шамамен 25%-ы азаматтық некеге оң көзқараспен және 30%-дан астамы бейтарап қарайды, яғни Қазақстанда әрбір бесінші неке тіркелмеуі мүмкін. Қолдамайтындардың үлесі - 32,8%. Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі. Баяндамаға сәйкес, қазір ата-аналар жұмысбастылықпен балаларына тиісті уақыт пен көңіл бөле бермейді. Балалармен бірге үнемі уақыт өткізу көрсеткіші әйел адамдарда 44,5% болса, ерлерде – 25,6% екені анықталды. Бала тууды жоспарлау бойынша сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 73,5%-ы бала тууды жоспарлау қажет деп санайды, 15,2%-ы жоспарлаудың қажеті жоқ деп есептесе, 11,3%-ы бұл сұраққа жауап бере алмаған», – деді спикер. 

Бүгінде қоғамда талқыланып жүрген әкелер институтының мәселелері бойынша респонденттердің 54,1% әкенің бала тәрбиесіне қатысқаннан гөрі, отбасын материалдық тұрғыдан қамтамасыз еткен маңызды деп жауап берген.  

«Әрине, отбасы материалдық тұрғыдан жеткілікті болуы қажет, алайда бала тәрбиесіндегі әке рөлі екінші орында қалып қойып отыр. Сондай-ақ қоғамда жалғызбасты аналар мен жалғызбасты әкелер де бар, оған қоса ерекше балаларды, науқас балаларды өсіріп отырған әкелер егде жастағы және жас әкелер бар. Бұл әкелер де психологиялық, ақпараттық, медициналық, әлеуметтік-экономикалық көмек қажет деп есептейміз», - деді Нұрбек Матжани.

Бұл ретте спикер Ұлттық баяндаманы дайындау барысында осыған дейін жасалған түрлі зерттеулердегі деректер мен материалдарды сараптап, респонденттермен сауалнама және сұхбаттар жүргізілгенін атап өтті. Бұл отбасы институтындағы, отбасы саясатындағы кең көлемде жинақталған мәселелерді, отбасыда қалыптасқан мінез-құлық паттерндерін жүйелі түрде анықтауға мүмкіндік береді.