Пәкістанда мешітте жарылыс болып, 28 адам қаза тапты

Пәкістанның Пешавар қаласындағы мешітте болған жарылыстан кемінде 28 адам қаза тауып, 150-ден астам адам жараланды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Пәкістанда мешітте жарылыс болып, 28 адам қаза тапты
Фото: видеодан скриншот

Geo.tv мәліметінше, лаңкес намаз кезінде алдыңғы қатарда болған, ол өзін жарып жіберіп, ондаған намазханды жаралаған.

Аурухана өкілі жарылыстан 28 адамның қаза тауып, 150-ден астам адамның жараланғанын айтты. Сондай-ақ зардап шеккен 10-нан астам адамның жағдайы ауыр. Аурухана зардап шеккендерге көмекке қан тапсыруды өтініп, азаматтарға жүгінді.

«Сұмдық жарылыс болды. Жарылыстан кейін айналаны түгел түтін басып қалды», - дейді оқиға куәгері.

Ол есін жиған кезде мешіт төбесінің құлағанын көргенін айтты.

Оқиға болған кезде мешітте кем дегенде 200 адам болған. Зардап шеккендердің басым көбі полицейлер болған.