Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Әйеліне айтпай тоқал алуға бола ма? Танымал имам пікір білдірді

Еркек әйеліне айтпай, рұқсатын алмастан тоқал алуына болады ма? Көптің көкейінде жүрген бұл сауалға қазнет жұлдызына айналған танымал имам Нұрлан қажы Байжігітұлы жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Әйеліне айтпай тоқал алуға бола ма? Танымал имам пікір білдірді
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы дін өкілі әлеуметтік желі парақшасындағы тікелей эфир кезінде айтты. Оның видеосын ТікТок қолданушысы жариялады.

Имамның пікірінше, еркек әйеліне ескертпей тоқал алуына болады. Бірақ оның соңы жақсылыққа әкелмейді.

"Болады, бірақ әйелің білген соң шпагатқа отырғызады. Отбасың бұзылады, әйелің жылайды. Балаларың көшеде қаңғып қалады. Содан кейін өзіңнің тағдырың быт-шыт болады. Сүмірейіп қайтып келесің. Шамаң жете ме, басын ашып ал",— деді имам.

Ал егер еркектің әйеліне айтуға шамасы жетпесе, сау басына сақина тілеудің қажеті жоқ.

"Шамаң жетпей ме, сол әйеліңнің қасы жақсы, жылы, жұмсақ. Сол жерде отыра бер. Бір басыңа екі проблема іздемей, бар нәрсемен бақытты бол",— деді ол.

Қажының бұл жауабына риза болған желі қолданушыларының басым көпшілігі тоқал түгілі, заңды әйелі мен балаларын бағу қиындап кеткенін алға тартты.

"Қазіргі кезде тоқал түгілі, қатынын бағып алсын алдымен", "Нәпсісін тыя алмай жүргендер әйеліңнің, балаларының күнәсі үшін сұраласың", "Бір басыңа екі проблеманы неғыласың? Өте дұрыс айтылған", "Ащы шындық", "Тоқал алу үшін бәйбшеден рұқсат керек қой", "Мына заманда тоқалдың не қажеті бар?", "Керемет айттыңыз ғой", "Шпагатқа отырғызады" дей ме? Мықты айтады" деп жазды желі қолданушылары.