Қазіргі кезде әлеуметтік желілерде және мессенджер арқылы таратылып жатқан зейнеткерлерге «22 000 және 60 000 теңге сомасына қосымша әлеуметтік төлем алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш беру қажет» деген ақпарат жалған, деп хабарлайды paryz.kz.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы БҚО бойынша филиалының директоры Нәдір Құрымбаевтың айтуынша, облыста мұндай өзгеріс жоқ.
«Сұрақ туындаған жағдайда азаматтардан 1414 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына хабарласуды сұраймыз. Сондай-ақ жалған мәліметтерді таратпауды өтінеміз», деді Н.Құрымбаев.
Күні бүгін жалақының ең төменгі мөлшері – 70 мың, ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 24 341, зейнетақының ең төменгі мөлшері – 53 076 теңге.
Жыл басынан бастап Батыс Қазақстан облысында жасына байланысты зейнетақы және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері - 10,5, ал жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер - 8,5 пайызға өсті.