Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Мұхтар Тайжан өзін Тоқаевтың марапаттағанына мәз болып қалды

"Жарлыққа бүгін қол қойылды деп жатыр. Мен мұндай жоспар бар екенінен бүгінге дейін бейхабар болдым...", - дейді ол.

Мұхтар Тайжан өзін Тоқаевтың марапаттағанына мәз болып қалды
фото: Батыржан Беспаев

Алматыда жүрген Мұхтар Тайжан елордаға ұшып келгелі жатыр. Бұл туралы өзі Facebook-тегі парақшасына жазды, деп хабарлады paryz.kz.

Атап айтқанда, ол Нұр-Сұлтаннан президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен өзіне бұйырған мемлекеттік марапатын алып кетуі тиіс екен.

"Кеше, бүгін Көлсайда отбасыммен қыдырып жүрген кезде Ақордадан бір жауапты қызметкер хабарласты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мырза мені мемлекеттік марапаттауымен марапаттаған екен. Жарлыққа бүгін қол қойылды деп жатыр. Мен мұндай жоспар бар екенінен бүгінге дейін бейхабар болдым. Сол себеппен енді мен Алматыға қайтып барып, Астанаға жол тартам. Нақты қандай марапат екенін дүйсенбі күні алған соң жазам ғой. Бәрімізде бұндай жағымды жаңалықтар көп болсын", - деп мәз қоғам белсендісі.