Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Мен күйеуіммен ренжісіп қалсам атып тұрып киімдерімді жинай бастаймын"- Айнұр Тұрсынбаева оқырмандарына жаман әдеті бар екенін мойындады

Ақын Айнұр Тұрсынбаева жаман әдетінен қалай арылғаны туралы айтып берді, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

"Мен күйеуіммен ренжісіп қалсам атып тұрып киімдерімді жинай бастаймын"- Айнұр Тұрсынбаева оқырмандарына жаман әдеті бар екенін мойындады
фото: kaz.caravan.kz

Сіздермен ешкімге айтпаған бір құпиямды бөлісейін деп шештім. Мен күйеуіммен ренжісіп қалсам чемодан жинайтын әдетім болатын. Атып тұрып киімдерімді жинай бастаймын. Бұл жаман әдетімді 20 жыл бойы байқамастан қайталай береді екенмін. Чемоданды арқалап кетіп те қалмаймын. Тек киімдерімді жинап, чемоданға салып қоямын. Татуласқан соң қайтадан шығарып орын-орнына жайғастырамын. Былай қарасаң кішкентай қыздың тірлігі ғой иә?– деп жазды Айнұр.

Айтыскерді күйеуінің: “Кішкентай қызға ұқсап не істеп жүрсің? Чемоданнан да, киімнен де ұят болды ғой” деген сөзі ойландырған.

Кейін ол бұл әдеттің қайдан пайда болғаны туралы айтып берді.

Мен апамның қолында өскенмін. Апам менен сабақты жақсы оқығанымды, сиыр сауып, кір жууды көп талап ететін. Баламын ғой, шаршаймын. Сосын апам ұрысады. Сол кезде “шешеме кетемін” деп киімдерімді жинай бастайтынмын. Сондағы бар мақсатым апамның: ”Құлыным, кетпеші. Мен сені жақсы көремін!” деген сөзін есту. Кейңн киімдерімді рахаттанып киімдерімді  қайтадан орнына әдемілеп жинап қоямын. Дәл осы картина көз алдыма келіп, бәрін бойымнан өткізіп, сезіндім. Содан бері киім жинауды қойдым – деп жаман әдетінен қалай арылғаны туралы айтты.