Президент банкроттық туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

Президент банкроттық туралы заңға қол қойды
Фото: ашық дереккөз

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Заң жобасы банкроттық рәсімінің 3 түрін енгізуді көздейді. Барлық рәсімді тек борышкер ғана бастай алады.

Банкроттық рәсімдегенде қазақстандықтарға мына шектеулер қойылады:

  • Жобада 5 жылға несиет алуды шектеу көзделген;
  • Азаматтар 7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгіне алады;
  • Банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу көзделеді.

Айта кетейік, кеше Сенат депутаттары банкроттық туралы заңды қабылдаған еді.