Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Орынбасары ұсталған әкім жұмысынан кетті

Ал аудан әкімінің орынбасары 200 мың теңге пара алды деген күдікке ілінген болатын...

Орынбасары ұсталған әкім жұмысынан кетті
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысы Кербұлақ ауданының әкімі Махаббат Бигелдиев жұмысынан кетті. Ол бұл шешімді өз еркімен қабылдаған, деп хабарлады paryz.kz, аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкім өзінің орынбасары жемқорлыққа қатысты іске іліккеннен кейін осы қадамға барған. Әкімдік баспасөз қызметінің мәліметінше, Бигелдиевтің қызметінен кетуі туралы өтініші қабылданбай, тек қатаң сөгіс жарияланған. Алайда аудан әкімі қызметінен біржола кетуді қалапты.

"Махаббат Бигелдиев аталған қызметтен 7 желтоқсан күні өз еркімен кетті. Бұған дейін ол өзіне тікелей бағынышты қызметкер жемқорлық құқық бұзушылыққа жол бергені үшін отставкаға өтініш берген болатын. Оның отставкасы қабылданбай, тәртіптік жаза тағайындалған еді", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ал аудан әкімінің орынбасары 200 мың теңге пара алды деген күдікке ілінген болатын.