Антикордың Назарбаевтың туыстарын тексеріп жатқаны рас па?

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлық агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі baq.kz-ке сілтеме жасап.

Антикордың Назарбаевтың туыстарын тексеріп жатқаны рас па?
Фото: ашық дереккөз

Келесі жылдың басында Тұңғыш Президент пен оның туыстарына қатысты заңның күші жойылатыны белгілі. «Антикор Тұңғыш Президенттің туыстарына қатысты материалды жинап жатыр ма?» деген сұраққа жауап берді.  "Қазір бұл туралы айту қиын. Заңнамалық нормалар  бар екенін түсіну керек. Дәлелдер болуы қажет. Барлық мәселе құқықтық өрісте шешіледі. Барлығы осыны түсінгені дұрыс", - деп атап өтті агенттік төрағасының орынбасары Сенаттың жалпы отырысынан кейін кулуарда журналистерге берген сұхбатында. 

Сондай-ақ алдағы уақытта олар (Елбасының туыстары – ред.) жауапкершілікке тартылуы мүмкін бе деген сұраққа тоқталды. 

Дәлелдер базасы болуға тиіс. Мүмкін бе, жоқ па, ол туралы ештеңе айта алмаймын. Иә, барлық азаматтар секілді, оларды да (жауапқа) тартуы мүмкін, - деді Ұлан Сарқұлов.