«Өтініш жазудың керегі жоқ». Вице-министр аналарға қуанышты жаңалықты жеткізді

Қазақстанда бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін ұзарту үшін қосымша өтініш жазудың керегі жоқ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова айтты, деп хабарлады Paryz.kz ақпарат агенттігі Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

«Өтініш жазудың керегі жоқ». Вице-министр аналарға қуанышты жаңалықты жеткізді
Фото: Unsplash

Оның айтуынша, президент Жолдауда берілген тапсырмаларға сәйкес келесі жылдан бастап бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімі 1,5 жасқа дейін ұлғайтылған. Ол жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін ата-аналарға қолданылады.

Бұл құқықты 500 мыңнан аса ата-ана пайдаланады. Оны іске асыру үшін бюджеттен қосымша 183 млрд теңге қарастырылған. Төлем мерзімін 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұзарту 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес, бала күтімі бойынша жәрдемақы алушыларға ғана қолданыстағы заңнама күшіне енген сәттен бастап жүзеге асырылады. Қосымша өтініштер жазу немесе рәсім талап етілмейді. Жәрдемақы автоматты түрде ұзартылады, - деді Назгүл Сағындықова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министр төлем алушылардың ұялы телефонына SMS хабарлама жіберілетінін атап өтті.