Журналист Президент Тоқаевтың аяқкиімі туралы айтты

Журналист Әділ Балтабаев Қазақстан Президентінің аяқкиімі туралы айтты, - деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Журналист Президент Тоқаевтың аяқкиімі туралы айтты
Фото: tengrinews.kz

Қазір Қазақстан Президенті Өзбекстанда мемлекеттік сапармен жүр. Мемлекет басшысының ресми Telegram-арнасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарынан суреттер жариялады.


Президентпен түскен суреттердің біріне қазақстандық журналист Әділ Балтабаев пікір білдірді. Ол Мемлекет басшысы өзбекстандық әріптесімен кездесуге отандық аяқкиіммен барғанын атап өтті.

"Айтпақшы, Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық өнімге басымдық беруі бірінші рет емес. Мемлекет басшысы еліміздің өңірлеріне жұмыс сапарымен барған кезде де қазақстандық аяқкиіммен жүрді", - деді журналист Telegram-арнасында.