Сондай-ақ, ол партияның логотипіне қызыққан көрінеді.
Атауы өзгерген "Adal" саяси партиясы мүшелерінің қатары тағы бір танымал азаматпен толықты. Ол – Тараз қаласының бас имамы Амантай Сәдиев, деп хабарлады paryz.kz, партияның хабарламасына сілтеме жасап.
Ол Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Алматыдағы Ислам институтын бітіріп, рухани білім алған. 23 жылдан астам уақыт бойы Атырау облысының, Ақтөбе қаласының, Тараз қаласының және басқа да елді мекендердің бас имамы қызметін атқарған.
"Мен бас имам қызметін атқара отырып, түрлі салаларды көрдім. Аймақтардың мәселелерінен хабардармын. Олардың дамуына үлес қосуға әрқашан әзір болдым", - деген Амантай Садиев, енді партия арқылы "елдің мәселесін шешпек".
Сондай-ақ, ол партияның логотипіне қызыққан көрінеді. Себебі, 8 қырлы фигура – мұсылман символы.
"Adal" логотипі мені бірден қызықтырды. Себебі ол маңызды құндылықтарды бейнелейді", - дейді экс-имам.