Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

Алтай Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда дүниеге келді.

Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген.

Мамандығы – заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.