Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Елбасы киелі санаған шаһарда стриптиз клуб ашылып жатыр (ВИДЕО)

"Еш нәтиже болмаса, Түркістан қаласының жастары ереуілге шығып, киелі мекенімізді ластаушылардан арыламыз!" - деп төтесінен бір-ақ тартты әкімнің кеңесшісі.

Киелі Шаhардағы #СТРЕПТИЗ клуб. Тарихы Терең Ата бабаларымызбен, Хандарымыз жерленген киелі мекенге Өзге ұлт өкілі...

Опубликовано Төребаем Аскарұлы Суббота, 5 декабря 2020 г.
Елбасы киелі санаған шаһарда стриптиз клуб ашылып жатыр (ВИДЕО)
фото: facebook.com

Түркістан қаласы әкімінің кеңесшісі Төребай Асқарұлы Facebook-тегі парақшасына "рухани орда" аталған қала орталығында стриптиз клуб пайда болғанын жазды. Ішкі саясат бөлімінен бастап, жергілікті шенеуніктердің біразын тегтеген жазбада бұл жайттан "ел ағалары" да хабардар екені айтылған, деп жазды paryz.kz.

"Тарихы терең, ата-бабаларымыз бен хандарымыз жерленген киелі мекенге өзге ұлт өкілі келіп, стриптиз клуб ашып жатқанын қалай түсінуге болады?! Түркі халқының екінші қажылық жасайтын жерінде клуб ашқан азамат мұсылман екенін білгенде, бойымды екі есе ашу-ыза кернеді. "Естімедік, көрмедік, білмедік" демесін деп, ел басқарып отырған ағаларымызға да айттық. Халық үніне құлақ асатын үкімет тұжырымдамасы бойынша бір-бірін мақтаудан қолдары босамай жатқан секілді ме, қалай өзі?" - деп күйініп отыр жазба авторы.

Содан ол шенеуніктер тарапынан еш нәтиже шықпаған соң, өңір тұрғындарының наразылығын тудырған бұл мәселені қоғам талқысына ұсынуды жөн көрген екен.

"Еш нәтиже болмаса, Түркістан қаласының жастары ереуілге шығып, киелі мекенімізді ластаушылардан арыламыз!" - деп төтесінен бір-ақ тартты Төребай Асқарұлы.

Бұл жазбаны оқыған желі қолданушылар да жергілікті билікке киелі шаһарда жынойнақ жасауға болмайтынын ескертіп, жаппай үзілді-кесілді қарсылық танытып жатыр. Білетіндердің айтуынша, стриптиз клубтың иесі Түркия азаматы екен. Шаһардағы бұрынғы "Әдемі" дискоклубын бұтын жалтыратып жалаңаш билеушілерді тамашалайтын нысан етпек.

Еске сала кетсек, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 30 жыл бойы "киелі шаһар", "рухани астанамыз" дегенді жиі айтып, әулие-әмбиелер жерленген бұл ордаға ерекше құрметпен қарап келеді. Ал сол қасиетті жердің шаңын шығарып, жалаңбұт күнәһарлар жалпылдап билеп жатса, ол кісінің өзі үнсіз қалмас, сірә?! Сондай-ақ, Алматыдағы он талдың кесілгеніне бейжай қарай алмаған қазіргі президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың да бір жынойнақты тоқтатуына шамасы жететін шығар деп ойлаймыз. Әйтпесе, Түркістан жастары түрік бауырдың түнгі клубынан сыра ішкелі отырған жоқ...