Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге қатысты мораторий тағы да ұзартылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" құжатқа қол қойды, - деп хабарлайды Ақорда.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге қатысты мораторий тағы да ұзартылды
Фото: ашық дереккөз

"Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы";

1-тармақта:бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылауды барып жүргізуді тоқтатсын, оған мыналар қосылмайды:";

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

"2-1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер;" - делінген Президент сайтында жарияланған құжатта.

Жарлық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.