Даниал Ахметов ШҚО әкімі қызметін сақтап қалды

Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорда. 

Даниал Ахметов ШҚО әкімі қызметін сақтап қалды
Фото: tengrinews.kz

"Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Даниал Ахметов 60 жаста. Ол Павлодар индустриялық институтын "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын өнеркәсіп шебері болып бастады, кейін "Павлодаржилстрой" тресінде жұмысты өндіруші болып қызмет етті. 1992-1993 жылдары ол Екібастұз қалалық әкімшілігіне жетекші болды. Содан кейін Павлодар облысының әкімі, кейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалған.