Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды

Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорда. 

Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды
Фото: qov.kz

Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген Жарлықта.

Айта кетейік, Айдарбек Сапаров 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Красное ауылында туған. Омбы ауыл шаруашылығы институты зоотехника факультетін (1992) зооинженер мамандығы бойынша; М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің мемлекеттік және жергілікті басқару факультетін (2006) "Мемлекеттік басқару" мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі.