«Шалдың жүйесі» деген депутат Дариға Назарбаеваға да қарсы шықты

"Әділ мемлекет құру үшін шалдың жүйесін өзгерту керек!" деп мәлімдеген Еділ Жаңбыршин экс-президенттің қызы Дариға Назарбаева мен күйеу баласы Тимур Құлыбаев туралы да сөз қозғады, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Экспресс K сайтына сілтеме жасап. 

«Шалдың жүйесі» деген депутат Дариға Назарбаеваға да қарсы шықты
Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс депутатының айтуынша, мұнай-газ саласында жұмыс істейтін компаниялар экологияны ластап жатыр. Бірақ оларға қарсы тұрар шара жоқ.

Біз бір топ депутат болып мұнай-газ өндірілетін жерлерде жағылып жатқан от туралы айтып, ауаны ластамау үшін норма ұсындық. Алайда "ҚазЭнерджи", "Қазмұнайгаз", "Атамекен" сияқты ұйымдар қарсы шықты, — дейді депутат.

Оның ойынша, бұлардың артында үлкен отбасының қыздары мен күйеу балаларына қатысы бар кландар отыр.

Сондай-ақ Еділ Жаңбыршин өзін "екіжүзді, Назарбаевты бұрын мақтап, бүгін даттап" отыр дегендерге жауап берді.

Менің былтырғы постым жеке басқа қатысты болған еді. Ал соңғы мәлімдемем қалыптасқан жүйені өзгертуге байланысты. Қазір саяси өзгерістер болып жатыр. Жалпы бұрынғы президенттің Тәуелсіздік алғаннан кейін атқарған еңбегін жоққа шығаруға болмайды, — дейді ол.

Депутаттың айтуынша, ол жемқорлық пен әлеуметтік мәселелерді тек қазір емес, бұрыннан қозғап келеді.