Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ресей Байқоңырдың айналасын ластап жатыр

Байқоңыр қаласына кіретін аумақтағы рұқсат етілмеген жерлерде орналасқан қираған ғимараттардың, құрылыстардың және басқа да қалдықтардың жалпы көлемі - 1,9 млн тонна.

Ресей Байқоңырдың айналасын ластап жатыр
Фото: ашық дереккөз

Байқоңырдың Ресейге жалға берілген аумағында 1,9 млн тонна заңсыз құрылыс қалдықтары жатыр, деп хабарлады paryz.kz, qamshy.kz-ке сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаттары осы мәселеге байланысты премьер-министр Асқар Маминге сауал жолдады.

"Байқоңыр" кешенінің 5 алаңында (№9, 9Г, 9ТЗБ, 15Г және 20) рұқсат етілмеген орындарда орналасқан құрылыс және басқа да қалдықтар Ресей Федерациясына жалға берілген жер учаскелерінде орналасқан. 2018 жылы мүдделі мемлекеттік органдар қатарынан (ҚР ЭГТРМ, Байқоңыр қаласының әкімшілігі, Ресей федералды биомедициналық агенттігі) комиссия құрылды. Рұқсат етілмеген қоқыс орындары мен жер учаскелерін орналастыру схемасы жасалды. Түзілетін қалдықтардың орындары, көлемі және олардың морфологиялық құрамы анықталды", - деді премьер-министр өз жауабында.

Маминнің сөзінше, комиссияның жұмысын түгендеу актісіне орай, Байқоңыр қаласына кіретін аумақтағы рұқсат етілмеген жерлерде орналасқан қираған ғимараттардың, құрылыстардың және басқа да қалдықтардың жалпы көлемі - 1,9 млн тонна.

"Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысына қала аумағын Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес келтіру жөнінде түбегейлі шаралар қабылдау туралы хат жолдады. Қазіргі уақытта экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қызылорда облысының әкімдігімен бірлесіп, Ресей тарапымен осы мәселені пысықтауды жалғастырып жатыр", - деді Асқар Мамин.