«Адамдар осыны көріп, тәубеге келсе»: Кептердің мешітте сәжде жасап тұрған видеосы тарады

Әлеуметтік желіде кептердің әлдебіп мешітте намаз кезінде сәжде жасап тұрған видеосы тарады. 

«Адамдар осыны көріп, тәубеге келсе»: Кептердің мешітте сәжде жасап тұрған видеосы тарады
Фото: ашық дереккөз

Аталған видеоны актер, режиссер Нұртас Адамбай желідегі парақшасында бөлісті, деп жазды paryz.kz ақпарат агенттігі Caravan.kz медиа порталы

Видео Меккеде түсірілген сыңайлы. Онда кәдімгі кептердің азан шақырылған кезде басын сәждеге барынша тигізіп, тұрғанын көруге болады. Оны тіпті қасындағы адамдардың фотоға, видеоға түсіріп жатқаны да үркіте алмады.

Видеоны көрген көпшілік: "Адамдар осыны көріп тәубеге келсе екен", "Алланың құдіреті шексіз", "Осы жерде намаз оқыған ия ", деп жазды.