Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Тоқаев "ашық және әділ сайлау өткізуге бел будық" дейді

"Атап айтқанда, парламенттік оппозиция институты заңнамалық деңгейде бекітілген және әйелдер мен жастарға арналған партиялық тізімге 30% квота енгізілген", - деп отыр ол.

Тоқаев "ашық және әділ сайлау өткізуге бел будық" дейді
фото: ашық дереккөз

Бұл сөзді президент бүгін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) саммитінде сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлады paryz.kz.

"Барлық саяси күштерге дайындыққа жеткілікті уақыт берілді. Биыл біз бұрын-соңды болып көрмеген демократиялық реформалардың пакетін жүзеге асырдық. Олар көп партиялы саяси бәсекелестікті дамытуға және азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, сайлауға "Нұр Отан", "Ақ жол", Қазақстан Коммунистік Халық партиясы (ҚКХП), "Ауыл", "Бірлік" және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) қатысады деп күтілген. Бірақ соңғысы сайлауға қатысудан бас тартты.

Тағы оқи отырыңыз: Әділет министрі Қазақстанда оппозициялық партия жоқ екенін айтты

Ал мына жақта Тоқаев: "Атап айтқанда, парламенттік оппозиция институты заңнамалық деңгейде бекітілген және әйелдер мен жастарға арналған партиялық тізімге 30% квота енгізілген. Біз ашық және әділ сайлау өткізуге бел будық. Біз серіктестеріміздің қолдауынан үміттіміз. Сіздердің мемлекеттеріңізден, сондай-ақ, парламенттік ассамблеялар мен ҰҚШҰ арқылы бақылаушылар күтеміз", - деп соғып отыр.