"...Әзірлен. Бұл оңай емес", - дедім...
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2019 жылы 18 наурыз күні не дегенін айтып берді, деп хабарлады paryz.kz, "Штрихи к портрету" деректі фильміне сілтеме жасап.
"Наурыздың 18-і күні құрылысы басталатын мешіттің тасын қойдық. Тоқаев ертесі күні сөз сөйлейтінімнен хабардар еді. Сосын ол екеуміз бір көлікте кетіп бара жатқанда маған: "Нұрсұлтан Әбішұлы, мүмкін райыңыздан қайтарсыз? Ойлаңызшы, бұл дұрыс емес қой. Өзіңіз әрі қарай да жалғастыра аласыз ғой", - деді. Мен оған: "Мен бұл шешімді іштей қабылдап қойдым. Әзірлен. Бұл оңай емес", - дедім.