Желіде әкімдік қызметкерінің анайы сөз айтқан видеосы тарап кетті

Желіде Түркістан облысы Сайрам ауданының әкімдік қызметкерінің анайы сөз айтқан видеосы тарап кетті. 

Видеода шағымданып тұрған әйелді тыңдағысы келмеген ер азамат оны шешесінен боқтап, балағатап тастады.

Олардың бірі бас маман болса, екіншісі бөлім басшысы екені белгілі болды, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

«Видеодағы әйел аудандағы бөлімнің бас маманы, ер адам - жалпы бөлімнің жетекшісі. Оларға қатысты заң аясында шара қолданылады»,-деп мәлімдеді Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.