Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Түркістан облысында бір ауылды су басып жатыр

Түркістан облысында бір ауыл жаңбыр суынан зардап шекті, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Түркістан облысында бір ауылды су басып жатыр
Фото: inform. kz

Тоқтаусыз жауған жаңбыр салдарынан Төле би ауданындағы Бірінші мамыр ауылын су алып жатыр. Жалпы ауылдағы бір балабақша мен жеке сектордағы 25 ауланы және бірнеше көшені су басқан. Қазіргі таңда құтқарушылар жауын-шашынның салдарынан болған су басудың салдарын жою жұмыстарын жалғастыруда.

«Жергілікті атқарушы органдар мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері суды шығару және инертті материалдар салынған қаптарды төсеу жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда 200-ден астам қап төселді. Су жиналуы ықтимал жерлерге тағы 300-ге жуық қап төсеу жоспарлануда» делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қазгидромет мамандарының мәліметінше, ағымдағы жылдың 8 қарашасында да өңірде нөсер жаңбыр жауады деп күтілуде.