Дариға Бадықова жол апатынан кейінгі жағдайын айтты

Танымал актриса Дариға Бадықова жол апатынан кейінгі жағдайын айтты. Ол бұл туралы Instagram Stories-інде бөлісті, - деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Дариға Бадықова жол апатынан кейінгі жағдайын айтты
фото: әлеуметтік желіден

"Жаратушыға шүкір! Бәрі дұрысталды. Хабарласып, жағдай сұраған жандарға алғыс! Іштей уайым, сұрақтар бар. Адам өзіне неге деген сұрақ қояды екен. Ажалға қарсы келгенде денеңді бос жіберіп, все, бітті дейді екенсің. Түйгенім: адамдарға көмектескенімді көздерімен көрмей, жүректерімен сезбесе де көмектесе беремін! Көмектесе беремін!" - деп жазған актриса.