Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қазақстандық спортшылар гір тасын көтеруден әлем чемпионатында алтын алды

Үндістанның Дели каласында өткен гір тасын көтеруден әлем чемпионатында маңғыстаулық спортшылар жеңімпаз атанды, деп хабарлады paryz.kz ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшылар гір тасын көтеруден әлем чемпионатында алтын алды
фото: ontustik.tv

Әлемдік додаға 17 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы қатысқан. Әлем чемпионатына Маңғыстау облысынан 3 спортшы қатысып, үшеуі де топ жарды.

Атап айтқанда, Бақытжан Советханов ұзын циклден 95 келі салмақ дәрежесінде, Нартай Алтыбаев серпе көтеруден 78 келі салмақ дәрежесінде, Айдын Ахметов жұлқа көтеруден ардагерлер арасында 85 келі салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тақты.

Әлем чемпионы атанған команда жетекшісі Нартай Алтыбаевтың айтуынша, гір көтеруден ұзын цикл бойынша қола жүлдені ресейлік спортшы (86 рет), күміс жүлдені Польша елінің спортшысы (88 рет), ал алтынды маңғыстаулық Бақытжан алған (91 рет). Ал серпе көтеруден қола жүлдені тайвандық (124 рет), күміс жүлдені австралиялық (133рет), алтын жүлдені маңғыстаулық спортшы (215 рет) иеленген.

«Жұлқа көтеруден ардагерлер арасында 115 рет көтеріп бірінші орынға ие болдым. Ал екінші, үшінші орынға Өзбекстан және Тайвань елінің спортшылары жайғасты», – деді әлем чемпионы Айдын Ахметов.