Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Астанада 18 жастағы студент 24-қабаттан секіріп кетті

Астанада 31 қазан күні 18 жастағы бірінші курс студенті 24-қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Астанада 18 жастағы студент 24-қабаттан секіріп кетті
фото: әлеуметтік желіден

“Тексеріс аясында бұл дерек расталды. Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтады. Ол 24-ші қабаттан секірген 18 жастағы елорда тұрғыны болып шықты”, – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Басқа да дереккөзге сүйенсек, қайтыс болған жігіт Астанадағы IT университетінің бірінші курс студенті. Аталмыш университет «Ұят тақтасына» студенттердің суретін шығарып дауға қалған болатын. Оқиғаның бұл жағдайға қатысы бар-жоғы әлі белгісіз.