Айтыскер ақын Жүрсін Ермановтың денсаулығына байланысты зайыбы Бақытжамал Ерманова айтып берді.
«Ауруханаға түскенде қатты алаңдап едік. Қазір жағдайы жақсы. Жақсарып келе жатыр. Қасында дәрігері, медбикесі бар. Бізді кіргізбейді. Тек хабарын біліп отырмыз. «Батпандап кірген ауру мысқылдап шығады» дейді ғой. Таяу арада жазылып, қатарымызға қосылып кетеді деген үмітіміз бар. Жақсы ниетпен отырмыз», – деп ақынның жұбайы Бақытжамал Ерманова Caravan.kz медиа-порталының тілшісіне пікір білдірді.