Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Тәрбиешілердің жүктемесі азайып, жалақысы көбейеді – министр

Қазақстанда тәрбиешілердің жүктемесі азайып, жалақысы көбейеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты деп хабарлады paryz.kz ақпарат агенттігі Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. 

Тәрбиешілердің жүктемесі азайып, жалақысы көбейеді – министр
фото: Halyq uni

Оның айтуынша, балабақшалардың қолжетімділігі мен сапасына баса мән беріледі.

2-6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету үшін жаңа балабақшалар ашылады. Мемлекеттік тапсырысты жеке меншік балабақшаларға беруді әрі қарай жалғастырамыз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тәрбиешілердің жүктемесі азайып, жалақылары көбейтіледі. Тәрбиешілердің біліктілігін арттыру және аттестаттау жұмыстары ұйымдастырылады, - деді министр Үкімет отырысында.

Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тағы да қосымша кешенді шаралар қарастырылатынын атап өтті.