Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Генетик 80 қожадан сынама алып, арабқа қатысы бар-жоғын анықтады

Генетиктер зерттеу жүргізіп, қожалардың бойында арабтың қаны бар-жоғын анықтаған, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап

Генетик 80 қожадан сынама алып, арабқа қатысы бар-жоғын анықтады
Фото: ашық дереккөз

Еуразия бірінші арнасы генетик ғалым 80 қожадан сынама алғанда арабтарда кездесетін кодты таппаған деп көрсетті.

Қожалар басқа ру өкілдерімен қыз алыспаған. Оның бір себебі, шариғатқа сүйеніп, пәтуә айту үшін басқа ру өкілдерімен құда болмауы керек. Екінші себеп ретінде Пайғамбарымыз шыққан құрайыш тайпасының өкілдері ақсүйек саналғандықтан өзгемен туыспауға тырысқан. Мұны Бақсайыс қожа руынан тарайтын танымал әнші Жанар Айжанова да растап отыр.

Қыздары кәпірге кетсе, кәпірдің ұрпағын таратады деген бар. Сондықтан қожаларын қыздарын басқаларға бермеген, — дейді Жанар Айжанова.

Адам генетикасы зертханасының басшысы Мақсат Жабағиннің айтуынша, бірнеше жыл бұрын қожанның тоғыз тармағынан тарайтын 80 адам генетикалық зерттеуге қатысқан.

Зертханада гаплаобын, яғни арғы тегін бірнеше ғасырға дейін анықтауға болады екен. Мәселен, араб болса G1, қазақ болса С2 сияқты гаплатобының коды көрсетілу керек.

Біздің Қазақстанда қожалар генетикалық тұрғыда бір-бірімен салыстырғанда әр түрлі. Сосын араб елдерінде жиі кездесетін G1 тобымен салыстырдық. Бірақ қожаларда ондай болмай шықты, -дейді Мақсат Жабағин.

Арна тілшісімен қорасан қожалардың бірі Ұлттық биотехнология орталығына барып, ДНК сынамасын жасатады. Ол өзінің арабқа қатысы бар-жоғын анықтағысы келеді. Алайда 81-ші болып сынама тапсырғанда да, онда гаплатобы табылған жоқ.