27 жастағы америкалық боксшы Кайрон Дэвис (16-3) екінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Давид Бенавидес (26-0) осы дивизионда абсолют чемпион Сауль «Канело» Альваресті (57-2) жеңетініне сенімді деп хабарлады paryz.kz ақпараттық агенттігі vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
«Давид Альваресті жеңеді деп ойлаймын. Бенавидесте оған қажеттінің бәрі бар. «Канелоның» ринг ішіндегі қозғалыспен қиындықтары бар. Бенавидестің соққылары ауыр. Осының өзі төрешілер шешімімен жеңуге жеткілікті. Бенвидес – аш, дәті мықты, залда барынша дайындалады. Оның үстіне чемпион болған», – деп береді Дэвистің сөзін Fightthype.
Айта кетейік, «Канелоның» өзі мексикалықтар болғандықтан Бенавидеспен де, Хильберто Рамиреспен (44-0) де жекпе-жекке шықпайтынын айтқан. Алайда сарапшылардың көбі Альварес құйтырқыға салып, қауіпті қарсыластардан қашып жүр деген пікір білдіріп жатыр.