Желіде жекпе-жек кезінде әскери қызметші есінен танып қалған видео тарады. Ұлттық ұлан видео Жетіген кентіндегі жауынгерлік дайындық орталығында түсірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі.
Ол жерде арнайы мақсаттағы "Бүркіт" бөлімшесінің әскерилері күрең берет үшін сынақ тапсырған. Соңғы жекпе-жекте бір әскери қызметші есінен танып қалды қалды.
Сынақ кезінде алдымен 35 шақырымды жүгіріп өту керек. Сондай-ақ, тиісті нормативтер тапсырылады. Ал ең соңында әскери қызметшілері қоян-қолтық ұрысқа қатысады.
"Желіде тараған видеода соңғы жұп шыққан. Сол кезде кандидаттың біреуі қатты соққыдан нокдаунға түсіп қалды. Ол есін жиды. Біліктілік сынағын тапсыруды жалғастырып, күрең беретін алды. Қазіргі кезде әскери қызметшінің денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген ресми ақпаратта.
Айта кетері, Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы "Бүркіт" бөлімшесінің басты мақсаты - экстремизм және лаңкестікпен күресу, мемлекет мүддесіне және адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп-қатерлерге қарсы жедел әрекет ету.