Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Нұржан Әлтаевты президенттікке кандидат ретінде ұсыну туралы хаттама жарамсыз деп танылды

Астанадағы Байқоңыр ауданының соты Нұржан Әлтаевты президенттікке кандидат ретінде ұсыну бойынша "Мұқалмас" бірлестігі отырысының хаттамасын жарамсыз деп таныды, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі.

Нұржан Әлтаевты президенттікке кандидат ретінде ұсыну туралы хаттама жарамсыз деп танылды
Фото: ашық дереккөз

Жалпы жиналыста Әлтаевтың кандидатурасын ұсынуды алты адам жақтап, 11 адам қарсы дауыс бергені атап өтілді.

"Жалпы жиналыс барысында көпшілік ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына партия атынан Нұржан Әлтаевтың кандидатурасын ұсынуға қарсы дауыс берді", - делінген хабарламада.

Жигули Дайрабаев ресми түрде президенттікке кандидат болып тіркелді

"Сайлау күлкілі сипат алып бара жатыр": Әміржан Қосанов биылғы президент сайлауына қатыспайтынын мәлімдеді

Сондай-ақ сотта жалпы жиналыста бірлестіктің кейбір қатысушылары болмағандықтан олардың дауыстары саналмайтыны белгілі болды. Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Нұржан Әлтаевты 7 қазанда республикалық "Мұқамас" қоғамдық бірлестігі ұсынған болатын. Алайда кандидат ұсынған құжаттар ОСК мүшелерінің арасында күмән тудырды. Бірлестік сотқа шағым түсіргеннен кейін ОСК кандидат Әлтаевтың талаптарға сәйкестігін анықтау рәсімін тоқтатты.