Америкалық боксшы Әлімханұлымен айқаста неге белбеуін тастап қашқанын түсіндірді

Жеңілмеген америкалық боксшы Деметриус Андраде (31-0, 19 KO) екінші орта салмаққа көтерілу себебін түсіндірді, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Америкалық боксшы Әлімханұлымен айқаста неге белбеуін тастап қашқанын түсіндірді
Фото: ашық дереккөз

Осылайша ол қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (12-0, 8 КО) жекпе-жектен құтылып кеткен болатын. 

«168 фунтқа Джермалл Чарло, Калеб Плант және Давид Бнеавидеспен айқасу үшін көтерілдім. Мен элиталы деңгейдегі қарсылас іздеп жүрмін. Бұл боксшының әрқайсымен тамаша жекпе-жек болатын еді. Кез келгеніне қарсы керемет айқас көрсетемін», – деп жазады Андраденің сөзін FightHype.com.