Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ninety one тобының мүшесі емделмейтін дертке шалдыққанын айтты

Ninety One тобының мүшесі Ace лақап атымен танымал Азамат Ашмақын ешкімге айтпаған сырымен бөлісті, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ninety one тобының мүшесі емделмейтін дертке шалдыққанын айтты
Фото: ашық дереккөз

Ninety one тобының мүшесі емделмейтін дертке шалдыққанын айтты
Әнші продюсер Тимур Балымбетовке берген сұхбатында шашының астында ұсақ жаралар барын мәлімдеді. Ол медицина тілінде теміреткі деп аталады. Әншіге тұқым қуалайтын ауру әкесінен жұққан.

«Басымда жара бар. Теміреткі. Сол себепті шашымды ала алмаймын. Алсам жараларым көрініп тұрады. Амалым жоқ. Ол емделмейді дейді. Күйзеліс, дұрыс тамақтанбаудан қатты шығып кетеді. Ол тұқым қуалайды. Тері ауруы атам да, әкем де және ағам да бар. Кепкен кезде маған ыңғайсыз. Шашыммен жауып тұрады. Көрсетпеймін», — дейді Азамат Ашмақын.

Азамат жұқпалы аурудың кесірінен болашақта шашы шықпай қала ма деп қатты қорқады.

«Егер жараны көбірек тырнасаң, сол жерден шаш шықпай қалу қаупі бар. Сондықтан тиіспеймін», — дейді әнші.