Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Коронавирус кардиологиялық ауруларды да көбейтіп жатыр

COVID-19 кеуде тұсының ауырсынуына, жүректегі қан айналымының жоғарылауына, талып қалуға әкеліп соғады.

Коронавирус кардиологиялық ауруларды да көбейтіп жатыр
Фото: ашық дереккөз

Короновиусқа байланысты егде жастағылар ғана емес, 30 жасқа дейінгі адамдарда да жүрек аурулары көбейіп жатыр, деп хабарлады paryz.kz, COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

COVID-19-ды жұқтыра қалған кезде қан айналымының бұзылуы, жүрек бұлшық етінің қабынуы әбден ытимал. Бұл туралы Калифорния университетінің маманы, кардиолог, медицина ғылымдарының докторы Ниша Парих баяндады.

«Мүмкін коронавирустан сауыққаннан соң да жүрек ауруы адам денесінде қалады. Ол кеуде тұсының ауырсынуына, жүректегі қан айналымының жоғарылауына, талып қалуға әкеліп соғады. Кейде коронавируспен ауырған науқас ішінде жүрек бұлшық етінің қабынуы болып жатады» - дейді кардиолог.