Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының брифинг залында Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев басқарма тарапынан 9 айда атқарылған жұмыстарды баяндады, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі.
Баспасөз жиынында Бақытжан Құлмұхамедұлы жоғары спорттық жетістіктер бойынша 2022 жылдың 9 айында жеткен нәтижелер туралы айтып өтті.
«2022 жылдың 9 айында біздің спортшыларымыз түрлі спорт түрлері бойынша жалпы 1629 медаль жеңіп алды. Оның ішінде, Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып, 491 алтын, 454 күміс, 470 қола медаль алып, Азия чемпионаттарында 59 алтын, 34 күміс және 52 қолаға қол жеткізсе, осы уақыт арасында Әлем чемпионаттарында 31 алтын, 20 күміс және 18 қола медальға ие болды.
Сонымен қатар, 2022 жылғы 1-15 мамыр күндері Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өткен ХХIV Сурдлимпиада ойындарында еркін күрестен 2 орынды иеленген 70 кг. салмақтағы Рсалы Сабыржанға қала әкімі 2 бөлмелі пәтер кілтін табыстады», - деді спикер.
Бұдан басқа, биылғы жылдың 12-23 мамыр күндері аралығында Францияның Нормандия қаласында өткен Дүниежүзілік гимназияда ойындарына 11 спорт түрінен 23 спортшымыз қатысып, нәтижесінде қаламыздың қоржынына 5 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль әкелді.
Ал 13-15 мамыр күндері Испанияның Мальграт-де-Мар қаласында өткен Еуропа чемпионаттарына комбат дзю-дзюцудан 2 спорт түрінен 10 спортшымыз қатысып, нәтижесінде 9 алтын, 6 күміс, 4 қола медаль жеңіп алса, АҚШ-тың Бирмингем қаласында өткен XI Дүниежүзілік ойындарына 3 спортшы қатысып, Берульцева Софья каратэден 1-орынды жеңіп алса, құзға өрмелеуден Улжабаева Тамара мен каратэден Дархан Асадиловтар 7-ші орынды иеленді. Түркияның Конья қаласында өткен V Ислам ынтымақтастық ойындарына қаламыздан 12 спортшы қатысып, нәтижесінде спортшыларымыз 5 алтын, 4 қола медаль жеңіп алды.
Айта кету керек, бүгінгі таңда Шымкент қаласында жалпы 34 спорттық ұйым жұмыс істейді. Оның 29-ы мемлекеттік меншіктегі спорт мекемесі болса, 5-і мемлекеттік жекешелік-әріптестігі аясында. Аталған спорт мекемелерінде 17 944 спортшымен штаттағы 925 жаттықтырушы оқу-жаттығу сабақтарын жүргізуде. Осы мекемелерде спорттың 71 түрі дамытылады. Оның ішінде, 38 олимпиадалық, 24 олимпиадалық емес және 9 ұлттық спорт түрлері бар.